26 ақпанда Күршім аудандық кітапханасында Қазақстан халқы асссамблеясының 25 жыл толуына орай, «Ассамблея қазақ елінің бірлігі» атты тақырыптық кеш өтті. Кешке №1, № 5 Күршім орта мектептерінің 8-9 сынып оқушылары қатысты.Толығырақ Күршім ауданы Әкімінің ресми сайтында
25 ақпанда Күршім ауданы,Марқакөл ауылдық округі әкімшілігінің қолдауымен Марқакөл ауылдық кітапханасында ауылдық мәдениет, мұрағат және өнер мекеме, кәсіпорындары қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Қаңтардың 29-да Бесқарағай аудандық кітапханасында «І.Есенберлиннің Алтын Ордасы» атты әдеби-тарихи сағаты өтті. Іс-шара қатысушылары Үлкен Владимировка орта мектебінің 10 сынып оқушылары болды. Толығырақ Бесқарағай ауданы әкімінің ресми сайтында
Қаңтардың 27-і күні Аксуат негізгі орта мектебінде ауылдык кітапхана маманы Каиржанова Айман Абайдың 175 жылдығына арналған ақынның кара сөздерінен сайыс сабақ өткізді.Шараның мақсаты-Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарларын арттыру. Шара барысында "Абайдың алтын сандығы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Абай әлемі
Марқакөл ауылдық кітапханасында Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты– Жас ұрпақтың арасында Абай Құнанбаевтың мұрасын дәріптеу, құндылығын арттыру Абайдың дүниетанымын және оның рухани мұрасын жастарға кеңінен насихаттау.Толығырақ Күршім ауданы әкімінің ресми сайтында
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы аясындағы Шығыс Қазақстан облысы А.С.Пушкин атындағы кітапхана мамандарының семинар-тренингі қыркүйектің 26-27-і күні Тарбағатай, Зайсан аудандық кітапханаларында, қазан айының 3-4 күндері Көкпекті,Күршім аудандарында жалғасын тапты.