19 наурызда «Наурыз мейрамы» құрметіне Шемонаиха қ. Орталық аудандық кітапханасы стационарлық емделудегі балаларды құттықтап орталық аудандық аурухананың балалар бөлімінде болып қайтты. Оларға ұлттық батырлар мен ертегілер жайлы кітаптар сыйға тартылды. Балалар Наурыз мейрамының дәстүрлерімен және ғұрыптарымен, «Бата беру» салтымен таныстырылды, жұмбақтар шешіп, ұлттық ойындар ойнады.
Ұлан аудандық орталық кітапханада 15-ші наурызында басталған мереке, 19-шы наурызда Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің 2-ші сынып оқушылары арасында «Қош келдің, Наурыз» атты мерекелік бағдарламамен жалғасын тапты.
Мерекелік бағдарлама мектептің акт залында өтті. Шара өту барысында ұлттық ойындар ойнатылып, сұрақ-жауап сайыстары өткізілді. Мерекеге оқушылардың өнері көрік берді, «Қара жорға» биі биленді.
15 наурыздан бастап Ұлан аудандық орталық кітапханада, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Наурыз мерекесімен ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту мақсатында «Табиғат таразысы теңелген күн» атты мерекелік іс-шараларды өткізуі Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектептің мектепалды даярлық топтарынан басталды.
Ақпанның 26-нан бастап ауданының кітапханаларында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылып, ядролық сынақтардың тоқтатылғанына 30 жылдығына арналған көпшілік іс-шаралар топтамасы өтуде.
2019 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына екі қаламгердің туындылары таңдалды. Бұл Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясы мен Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы.