12 мамырдан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің кезекті «Рухани қазына - 2021» онлайн фестивалі бастау алды. Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» онлайн Фестивалінің құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.
Карантин жағдайына байланысты аудан кітапханаларына онлайн кездесулер арқылы әдістемелік кеңес «әдістемелік бейсенбі» деген тақырыппен жұма сайын өтіп тұрады. 11-шы наурызда өткен кездесу кітапханамыздың өлкетану http://kray.pushkinlibrary.kz/index.php/kz жұмысына арналды.
3 февраля в 11.00 ч. на платформе Zoom состоялось онлайн открытие региональных центров «Парасат жолы» - «Дорога добропорядочности» при областных, районных и сельских библиотеках в рамках проекта «Адалдық алаңы». Основное действо проходило на базе Национальной академической библиотеки Республики Казахстан в г.Нур-Султан, с участием председателя Агентства по противодействию коррупции А. Шпекбаева и Министра культуры и спорта А. Райымкуловой, а также представителей творческой и духовной общественности.
22 қазанда Жарма ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі жанынан құрылған «Шабыт» шығармашылық орталығы ашылды. Бұл іс-шараға ауданнның әр округтарынан, мекемелерден өнерге жақын, шығармашылыққа бейім жандар жиналды. Жалпы шығармашылық орталықтың мақсаты – дарынды топ орталығын құрып, бойда бар дарынның, өнердің жойылып кетуіне жол бермей, дарындылардың басын қоса отырып, дамыту. Толығырақ...
Қазан айының 22-де Бесқарағай аудандық кітапхананың өткізген іс-шарасы аудан өңірінің тарихына арналды. Біздің туған жеріміз-Бесқарағай! Өлкеміз таза ауасымен, қарағайлы орманымен, хош иісті шөптерімен, кең даласымен ерекшеленеді. Бесқарағайдың табиғаты әдемі де ерекше. Әрбір бесқарағайлық аға ұрпақтың өткеніне үңіле отырып, өз жерінің тарихына көз жүгірту керек. Өткенді білмей, адам болашақты елестете алмайды. Туған жерді сүйіп, бағалай және ұмытпау қажет.