24 апреля в Глубоковской районной библиотеке специалисты Восточно-Казахстанской областной библиотеки им.А.С.Пушкина провели методический день для специалистов сельских и школьных библиотек, в рамках которого состоялся семинар-практикум "Профессиональная компетентность библиотекаря по использованию социальных сетей"
10 сәуірде Ұлан аудандық Орталықтандырылған кітапханасында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының 2 жылдығына арналған «Шығыс Қазақстанның киелі орындары» атты облыстық семинар өтті.
2019 жылы ТМД-да Кітап жылы деп жарияланды - бұл шешім 2018 жылдың қазан айында Сочиде өткен ТМД мемлекеттері басшыларының саммитінің қорытындысы бойынша қабылданды. «Кітап жылы» аясында «Халықаралық балалар кітабі» күніне арналған «Кітап мұхит – сол мұхиттан не терең?» - атты кітап апталығы аралығында жоспарланған іс-шаралар Ұлан аудан кітапханаларында өткізілуде. Толығырақ Ұлан ауданы әкімінің ресми сайтында
Қазақстандағы жастар жылы аясында өтіп жатқан қызықты және бағдарламаға бай мереке « Biblionochi-2019» аясында «Беймәлім жолдар оқиғасы»атты Катонқарағай аудандық және Үлкен Нарын балалар кітапханаларының кітапханашыларымен ұймдастырылған мереке өткізілді.Библиоквест әдісінде өткізілген іс-шараға «Аманат» жастар клубының мүшелері және Қ.Дамитов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары қатысты.
19 наурызда «Наурыз мейрамы» құрметіне Шемонаиха қ. Орталық аудандық кітапханасы стационарлық емделудегі балаларды құттықтап орталық аудандық аурухананың балалар бөлімінде болып қайтты. Оларға ұлттық батырлар мен ертегілер жайлы кітаптар сыйға тартылды. Балалар Наурыз мейрамының дәстүрлерімен және ғұрыптарымен, «Бата беру» салтымен таныстырылды, жұмбақтар шешіп, ұлттық ойындар ойнады.