14 маусым күні Елордамыз Астананың 20 жылдық мерей тойы қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Даулет Бахитұлы Батырбаевтың қолдауымен Бесқарағай аудандық кітапханасында коворкинг-орталық ашылды.
«Коворкинг орталықтың» ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы ШҚ облыстық филиалы төрағасының орынбасары
Мұхтарханов Ануарбек Мұхтарханұлы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Салтанатты лента қию рәсімі жастар Болатова Мөлдір, Шевченко Екатерина, Әлібек Сабинаның еншісіне тиді. Аудандық кітапхана директоры Ж. Алпыспаева оқырмандардың мұнда кітап оқумен ғана емес, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен айналысып, бірлесе жұмыс жасай алатындары туралы айтып орталықпен таныстырып өтті. Орталықта компьютермен
жұмыс жасап, бейнефильм көріп, интернет желісінен ақпарат алып, стол үсті ойындарын ойнай алады.
Накануне 20 летнего юбилея нашей столицы города Астаны в рамках программы Президента Нурсултана Назарбаева "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» и при поддержки председателя районной партии «Нур Отан» акима района Даулета Бахитовича Батырбаева 14 июня при районной библиотеке был открыт Коворкинг – центр. На торжественном открытии центра гостей поздравил первый заместитель председателя ВКО филиала партия «Нур Отан» Мұхтарханов Ануарбек Мұхтарханович. Честь перерезать ленту досталась нашей молодежи Болатовой Мөлдир, Шевченко Екатерине, Әлибек Сабине. Директор районной библиотеки Ж. Ж. Алпыспаева познакомила гостей с центром и рассказала, что посетители могут воспользоваться компьютером, посмотреть фильм, почитать книгу, найти информацию в интернете. На досуге молодежь могут поиграть в настольные игры, обсудить последние новости и обменяться мнениями. При коворкинг – центре могут родиться много идей, которые будут способствовать развитию нашего региона и нашей страны.