OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: ГлавнаяБілім орталығы-Центр знаний

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

vik 30ru
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев партияға жаңа жобалар мен міндеттерді тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын, соның ішінде аймақтық кітапханаларды жаңғырту аясында жастарға арналған білім орталықтарын ашу. Жобаның басты мақсаты барлық санаттағы жастардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанаттандыру үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру болып табылады.
 Бүгінгі күнге дейін кітапханадағы "Білім орталықтары" Өскемен, Семей қалаларындағы орталық кітапханаларда, Бесқарағай ауылында,Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында ашылып жұмыс істеуде.
 
5-ші шілдеде, Астанамыздың 20- жылдық мерей тойы  қарсаңында Катонқарағай аудандық кітапханасында  коворкинг орталығы  ашылды. Шараның салтанатты рәсіміне аудан әкімшілігінің басшылары мен аудандық бөлімдерінің қызметкерлері, «НҰР ОТАН» партиясының төр ағасы және ауылдық тұрғындары қатысты. Жұмыс істейтін басқа кеңістіктерден коворкингтің түбегейлі айырмашылығы бұл – түрлі кәсіби деңгейдегі, түрлі білім иелерінің ашық қоғамдастығы және кітапханаларды жетілдіруде үлкен қадам болып отыр. Бұл коворкинг орталығында кез-келген адам кітапхананың материалды-техникалық базасын: ноутбуктарды, кітаптарды, ғаламторды тегін пайдалана алады.
5-го июля, в преддверии празднования 20 - летия столицы Астаны в  Катон-Карагайской районной библиотеке   состоялось открытие коворкинг-центра. В открытии приняли участие руководители и специалисты аппарата Акима района, руководители и специалисты партии «НҰР ОТАН», жители села. Принципиальное отличие коворкингов от других пространств для работы – это открытое сообщество людей с разными знаниями и профессиональными навыками и большой шаг в модернизации библиотек. Здесь каждый желающий может пользоваться бесплатно материально-технической базой библиотеки: ноутбуками, книгами, интернетом.
 
katon covorking 1  katon covorking 2  katon covorking 4  katon covorking 5 
 
5 шілде күні Жарма ауданы, Қалбатау ауылында аудандық кітапханада коворкинг орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына Аудан әкімінің орынбасары Ибраев Айдар Маратұлы,  Жарма ауданы «Нұр Отан» партиясы Жарма аудандық филиалының есеп және статистика бөлімінің  меңгерушісі Жанна Тұрсынбекқызы, Жарма аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Алшынбаева Меңсұлу Құрманқызы және ауылдық кітапханашылар, кітапхана оқырмандары қатысты. 
Жарма ауданы бойынша бүгінгі таңда 13 кітапхана халыққа қызмет көрсетіп отыр. Біздің кітапханада жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: Wi-Fi желісі, жедел Интернет, скайп арқылы сұхбаттасу, принтерлер мен сканерлер.Орталыққа келушілерге насихаттау мақсатында «Шебердің қолы ортақ» қолөнер үйірмесі ұйымдастырылған, ауданымыздың тарихы, көрнекті тұлғалары, киелі жерлері жайлы мәлімет беретін кітап көрмелері мен фотоальбом жасалып, баннерлер қойылған.
Коворкинг орталығындаа түрлі кәсіби деңгейдегі адамдар  бір уақытта жұмыс істей алады. Келушілер кітапхананың материалды-техникалық базасын тегін пайдалана алады. Мысалы: ноутбуктарды, кітаптарды, ғаламторды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылып отырған бұл орталық  жастардың  шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы  жобаларын (қызығушылығы бойынша клубтар, көрмелер, үйірмелер, шеберлік-сыныптар, тренингтер, ағылшын тіліндегі клубтар) жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Толығырақ Жарма ауданы әкімінің ресми сайтында
zharma coworking1 zharma coworking2 zharma coworking3 zharma coworking4
 
 
 
2-ші шілде  күні Елордамыз Астананың 20 жылдық мерей тойы қарсаңында Зайсан аудандық кітапханасында  білім орталығы ашылды. Зейнеткер, кітапхананың белсенді оқырманы Б.Айтмұқашева мен абайтанушы, өлкетанушы Қ.Алтыбаев лента қиып, шашу шашты.Ол өз сөзінде: «Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақ – білімді ұрпақ қолында» деп атап көрсеткеніндей, мемлекетіміздің өркениетті даму деңгейіне жетуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Зайсан аудандық кітапханасы – оқырмандарды білім нәрімен сусындатқан рухани қазына орталығы. Еліміздің тағдыры өсіп келе жатқан ұрпақтың біліктілігі мен білімділігіне байланысты десек, Аудандық кітапхана – заман талабына сай білім мен ғылымның, шығармашылық және мәдени дамудың, ақпараттық жетістіктерін насихаттауда ел игілігіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мәдениет ордасы. Республика көлемінде білім орталығы, соның ішінде Зайсан ауданында ашылуы бізді қуантады.» - деді. 
Орталықтың 4 белсенді зонасы бар: жұмыс орын - интернетке қосылған компьютер (сканер, принтер, скайп, проектор,) пайдаланушылардың жайлы жағдайда тегін интернет желісіне шығу мүмкіндігі - WI-FI аймағы.  Кәсіпкерлер мен басқа да мамандар, студенттер мен оқушылар кітапхана қоры мен интернетті пайдаланып өз жұмысын жасай алады. Оларға емтиханға дайындалуға, дипломдық жұмыстар жазуға, шығармашылық жобалар құруға барлық мүмкіндіктер жасалған(семинар, тренингтер, пікір алмасу, шеберлік сағаттары, онлайн кездесулер, скайп конференциялар, жастар клубтарының отырыстары т.б); шығармашылық –қызығушылықтарына байланысты үйірмелер  ұйымдастырылады (поэзия, ағылшын тілі, қолөнер, домбыра, шахмат, тоғызқұмалақ т.б); өлкетану  - әрбір ықыласы бар пайдаланушы тарихи тұлғаларымен, олардың өмірімен, жазушы-ақындарымен, қасиетті-киелі жерлерімен, ауданымыздың «ауыз толтырып» айта алатын т.б. жерлерімен таныса алатын болса, қолжетімді еркін орында – достарымен бос уақытты бірге өткізіп,  көптеген қызықты іс-шараларға: акциялар,  мерекелер, шығармашылық кездесулер, шеберлік кластар,  зияткерлік ойындарға және т.б. шараларға қатыса алады. Кез келген цифрлық форматтағы интеллектуалды контент  қолжетімді (кітаптар, мерзімді басылымдар, аудио, бейне, ойындар және т.б.) Пайдаланушылар  жайлы орында шай немесе кофе ішуіне болады.
Аудан әкімінің орынбасары Қ. Шилібаев қатысып, аудан тұрғындарын құттықтады.Ол өз сөзінде: «Қазіргі уақытта еліміздегі басты рухани құндылықтарды айқындайтын, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХI ғасыр биігіне көтеретін, сонымен қатар ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасы кітапхана саласына да көптеген жаңа міндеттер артты. Алдағы уақытта ауданымыздағы «Заманауи кітапханалар » жобасы аясында, 8 ауылдық кітапханаларда осындай орталықтар ашу жоспарлануда.  Биыл 3 ауылдық кітапханада  білім орталықтары ашылады деп күтілуде. Мұнда жастар ұйымдары мен көшбасшылары ортақ алаңда жұмыс істеп, жаңа идеяларды жарыққа шығарып, жобаларды жүзеге асырады. Яғни өзара тәжірибе алмасуға, бастамаларын қолдауға жол ашылады. Осы орайда ауыл жастарының белсенділігін арттыруға да мән берілмек»- деді.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Сиырбаев: «Биыл ауылдық кітапханаларды жаңа технологиялармен, жиһаздармен жабдықтауға аудандық бюджеттен 2млн.500 мың теңге қаражат бөлінді. «Заманауи кітапханалар» жобасы ауылдық кітапханалар жұмысын ілгерілетуге бағытталған. «Коворкинг» сөзінің өзі бірлесе жұмыс жасау деген мағынаны білдіреді. Енді біздің оқырмандарымыз мұнда кітап оқумен ғана емес, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен айналысуға болады. Яғни, әртүрлі ғылыми жобаларды бірлесе отырып жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Жалпы, аудандағы кітапханалардың кітап қоры жеткілікті. Жылына үш мыңдай жаңа кітаппен толығып отырады»- деді.
«Коворкинг орталықтарында» арнайы балалар алаңы, шығармашылық жұмыспен шұғылдану алаңы және дойбы, шахмат, асық ойыны сынды ойлау қабілеттерін жетілдіретін ойындар ойнайтын, яғни, демалу алаңы бар. Кітапхана бөлімдерінің көбеюі қуантады» – дейді орталық оқырманы, бастауыш сынып мұғалімі -  Г.Артықбаева.
Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы – Зухра Нұрланқызы орталықта мемлекеттік қызметтерді www.egov.kz порталын пайдалану бойынша білім беру және дағдыландыру орталығы болатынын да тілге тиек етті.Онлайн мемлекеттік қызметтің артықшылығы туралы, оның құрылымы, қандай қызмет түрлері ұсынылатынына тоқталды.
Шараға ардагерлер кеңесі мүшелері, мектеп оқушылары мен тұрақты оқырмандар қатысты. Жергілікті «Достық» газетінің тілшісі Айбек Ахыт қатысты.
Шара соңында мәдениет үйі қызметкерлері А.Сұлтанов,Ж.Дуанханов,Т.Мамырбаев әуезді әндер орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.
 zaisan 02 07 2018 1  zaisan 02 07 2018 2 zaisan 02 07 2018 3  zaisan 02 07 20184 
 
Маусымның 29-да Үржар ауданы Мақаншы ауылдық кітапханасында коворкинг орталығы ашылды. Аумағы 104 шаршы метрді құрайтын залда,жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалынған: жедел интернет арқылы Қазақстандық ұлттық электронды кітапханасын, Біздің Абай-наш Абай, Қазақстанның ашық кітапханасы т.б. толықмәтінді электронды кітапханалар қызметін пайдалану, Skype арқылы сұхбаттасу, принтерлер мен сканерлерді қолдану мүмкіндігі т.б. Коворкинг орталығында  кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға,кездесу кештер өткізуге,шахмат, дойбы ойнауға, қолөнер бұйымдарын жасауға барлық жағдай жасалған. 
Шараға «Нұр Отан»партиясының төрағасының орынбасары Б.Т Баймұратов,Үржар ауданының әкімінің орынбасары С.Қ.Садуақасов, Мақаншы ауылының әкімі С.Т.Қалиев,тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Т.Ж Турдыбаев,ішкі саясат маманы Бекзат Мақсатқызы, жастар одағының директоры Ф.А Сулейменов қатысты. Толығырақ Үржар ауданы әкімінің ресми сайтында
makanshy 1 makanshy 2 makanshy 5 makanshy 6
 
Маусым айының 28 жұлдызында  Абай ауданы, Қараул ауылында М. Әуезов атындағы  орталық  кітапханада «Нұр Отан» партиясы аудандық  филиалы қызметкерлерімен  бірлесе  «Кітапхана - білім  ордасы» атты орталықтың  ашылу  рәсімі  өткізілді.  Абай ауданы әкімінің ресми сайтынан
28 июня  в с.Караул Абайского района в центральной районной библиотеке им.М.О.Ауэзова состоялось торжественное открытие центра знаний
 
Маусымның 27-де Күршім аудандық кітапханасында білім орталығы ашылды. Толығырақ... 
Рухани жаңғыру: Открытие Центра знаний в Курчумской районной библиотеке. Подробнее... 
 
27 маусымда Шемонаиха орталық аудандық кітапханада қала үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін өте маңызды шара - жастардың демалысы мен жұмысына арналған- коворкинг- орталығының ашылу салтанаты болып өтті. Толығырақ Шемонаиха ауданы әкімінің ресми сайтында
27 июня  в Шемонаихинской центральной районной библиотеке состоялось очень важное и значимое событие не только для  города, но и для всего региона - открытие коворкинг-центра - пространства для работы и отдыха молодежи. Подробнее на официальном сайте акима Шемонаихинского района
 
27-ші маусымда Бородулиха ауылында аудандық кітапханада коворкинг орталығы ашылды
27 июня  в Бородулихинской центральной районной библиотеке состоялось торжественное открытие коворкинг-центра
Boroduliha smi