12 қазан күні Тарбағатай аудандық кітапханасында аудандық орталық кітапхананың 80 жылдық мерейтойы аясында заман талабына сай коворкинг орталығы ашылды.Бүгінгі күнде 80 жыл толып отырған Тарбағатай ауданындағы орталық
кі¬тапханасының мерекесіне киелі шаңырақта көп жыл еңбек етіп, қажырлы еңбегінің арқасында зейнеткерлікке шыққан ардагерлер, кітапханашылар, кітапсүйер қауым, «Нұр Отан» партиясының төрайымы, әйелдер кеңесі, ақсақалдар алқасы, оқырмандар қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Мұратқазыұлы Қайрат Мауадинов кітапхана саласында көп жылдар еңбек еткен ардагерлер Оразова Толеуғайша, Адилбекова Камалды «Еңбек ардагері» медалімен, кітапхананың әдіскері Садуақасова Айгүлді ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен және қазірді таңда еңбек етіп жүрген кітапаханашыларды алғыс хаттармен марапаттады. Облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапхананың 80 жылдық мерейтойға арналған видеоқұттықтауы тыңдалды. Аудандық кітапхананың тарихы туралы бейне слайд, кітапхана туралы бейне ролик көрсетіліп, кітапханаға саяхат жасалынды.
Осы 80 жылдық мереке аясында аудандық орталық кітапханада уақыт талабымен үндескен «СOWORKING» білім орталығы ашылды. Орталықтың лентасын кию рәсімін кітапхана ардагері Оразова Толеуғайша қиды. Енді бұл орталық келушілер үшін қажетті ақпарат алып қана қоймай, өзара пікір, тәжірибе алмасатын, шығармашылықпен айналысатын, зияткерлік дем¬алыс орны болады. Балаларға арналған шахмат, домино, ойлау қабілеттерін жетілдіретін ойындар ойнайтын демалу бұрышы бар.Сондай-ақ мұнда Казнет порталы , Электронды кітапхана, құжаттардың электронды жеткізілімі, е-gov- электронды үкіметі, электронды пошта, скайп, әлеуметтік желілер, ютуб т.б қызметтердін қолжетілімділігі тегін қамтамасыз етілген. Осындай «СOWORKING» білім орталығы алдағы уақытта Тұғыл ауылды кітапханасында ашылмақ.