11 ақпан күні Күршім аудандық кітапханасында «Жас толқын» поэзия клубының мүшелерімен бірге биыл «Бір ел-бір кітап-2019» акциясы бойынша жыл кітабы болып енгізілген Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, Республикамыздың бірқатар аудандырының Құрметті азаматы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы
және туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі, ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым, Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың поэзиясына талдау сабағы өтті.
Толығырақ Күршім ауданы Әкімінің ресми сайтында