OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: ГлавнаяҚабанбай ауылында «Білім орталығы» ашылды

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

vik 30ru
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

urdzhar 1 1 IMG 298731 шілде айында Үржар ауданы, Қабанбай ауылдық кітапханасында  «Білім орталығы» ашылды. Ауылдық кітапхана заман талабына сай білім мен ғылымның керек-жарақтарымен жабдықталды.  «Нұр Отан» партиясының бастамашылық жобаларын жүзеге асыру, Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаласын іске асыру шеңберінде   ашылып отырған бұл орталық жастардың шығармашылық, оқу бағдарламасы аясындағы креативті жобаларын жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Салтанатты ашылудың қызыл таспасын қиюға ШҚО полиция депортаменті қызметінің жергілікті полиция  басқарма бастығының орынбасары А.В. Лоренов және ақын, Қазақстанurdzhar 1 IMG 2987 жазушылар одағының мүшесі Айжарық Абылқасымов шақырылды.  Орталықтың ашылу салтанаты барысында шашу шашылып, білім орталығын таныстыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Үржар ауданы әкімінің орынбасары Б.Қадырұлы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Андасова, ауыл әкімі Т.Бозикенов, кітапханашылар және ауыл тұрғындары қатысты.  Салтанатты сәтте алғашқы құттықтау сөз сөйлеген  Үржар ауданы әкімінің орынбасары Б.Қадырұлы  келешекте бұл орталық ауыл тұрғындарының рухани жетілуіне зор ықпал ететін, ілім-білім ордасы болып қалыптасады деген сенімін білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Кітапханада жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: WI-FI желісі, жедел интернет, скайп арқылы сұхбаттасу, принтерлер мен сканерлер. Кітапхана пайдаланушыларға  керек кітаптарды, электронды материалдарды, Қазақстан Республикасыны Электрондық үкіметі  порталының  қызметтерін ұсынады. Жобаның басты мақсаты - барлық санаттағы жастардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру. Барлық алаңдар қажетті құралдармен жабдықталған. Білім мен ғаламтор алаңында керекті ақпараттарды алып, әлем бойынша жаңалықтарды біліп, ой-өрісін кеңейтуге, теледидардан қызықты бағдарламалар мен мультфильмдер топтамасын көруге мүмкіндік мол. Оқырмандар жұмсақ жиһазға отырып, кітап, мерзімді басылымдар оқиды, демалады. «Білім орталығы» - кез-келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер, семинарлар мен тренингтер, кездесулер  ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнап, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік тудырып, орталыққа келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге арналған.

 Толығырақ Үржар ауданы әкімінің ресми сайтында