Күршім ауданы
Қаңтардың 27-і күні Аксуат негізгі орта мектебінде ауылдык кітапхана маманы Каиржанова Айман Абайдың 175 жылдығына арналған ақынның кара сөздерінен сайыс сабақ өткізді.Шараның мақсаты-Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарларын арттыру. Шара барысында "Абайдың алтын сандығы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Абай әлемі
Марқакөл ауылдық кітапханасында Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты– Жас ұрпақтың арасында Абай Құнанбаевтың мұрасын дәріптеу, құндылығын арттыру Абайдың дүниетанымын және оның рухани мұрасын жастарға кеңінен насихаттау.
Толығырақ Күршім ауданы әкімінің ресми сайтында