12 мамырдан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің кезекті «Рухани қазына - 2021» онлайн фестивалі бастау алды. Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» онлайн Фестивалінің құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.
Фестиваль аясында «Рухани қазына – 2021» онлайн республикалық байқауы өтеді. Бұл байқаудың мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің
тәжірибеалмасуына мүмкіндік жасау, кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, өңірдегі мәдениет ұйымдарының имиджін арттыру. Онда үздік мемлекеттік кітапхана, музей,мемлекеттік мәдени ойын-сауық ұйымы мен мәдениет ұйымдарының үздік қызметкерлері анықталады.
Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысы кітапханалары 13 номинация бойынша қатысты:
Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі-«Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту бойынша үздік инновациялық жоба» және "Жыл серпіні" арнайы номинацияға;
Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы -«Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер кітапханасы», «Үздік облыстық маңызы бар балалар мен жасөспірімдер кітапхана қызметкері» және «Кітап оқу мен кітапты жылжыту жөніндегі үздік медиа жоба» сыйлығына;
Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы -«Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана»;
Семей Қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындагы әмбебап кітапханасы-«Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік кітапхана»;
Өскемен қаласы әкімдігінің “Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі"-«Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту бойынша үздік инновациялық жоба»
Тақырыбы «Борис Щербаковтың жасыл үйі» - «Зелёный дом Бориса Щербакова»;
Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі - «Үздік қалалық маңызы бар мемлекеттік кітапхана»
Алтай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі - «Үздік кітапханалық онлайн жоба – 2021» тақырыбы «Сохранение литературного наследия района Алтай" және «Кітапханалардың үздік инклюзивті онлайн жобасы – 2021» тақырыбы «Алтай ауданының авторларының аудиокітаптары»
«Глубокое ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Бобровка ауылдық кітапханасы«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана»;
Салтанатты марапаттау рәсімі, шеберлік сыныптары және тағы басқа іс-шаралар Көкшетау қаласында 18-21 мамыр аралығында өтеді.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!