OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: Главная24 қазан - Кітапханашы күні

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

vik 30ru
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Кітапханашылар күні» жаңа кәсіби мерекесін бекітті. Бұл мереке 24 қазан күні атап өтіледі. Тиісті Үкімет қаулысына еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.
Кітапханашы жоғары ақпаратты біліммен қаруланған, өз ісінің шебері, әмбебап маман болу керек.Сандық дәуірде кітапханашылар жаңа ақпараттық, мобильді, желілік және басқа да технологияларды игеріп, кітапхана ісінде қолдануда.Бұл жергілікті тұрғындарға, қашықтықтан пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді дамытуда, түрлі санаттағы адамдардың интеллектуалдық және шығармашылық дамуын ұйымдастыруда болып жатқан өзгерістерді тиімді пайдалануға өте маңызды.
Осы төл мерекемізге орай, бүгін,22-ші қазанда  кітапхана саласының ардагерлерімен кездесу және «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» анықтамалығының тұсаукесері өтті. Кездесуді  Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Төлемісова Роза Әшімханқызы ашып, кітапханашыларды мерекемен құттықтап, Облыс кітапханаларын және кітапхананың бөлім басшыларын Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Н.Ахметжановтың «Алғыс хаты»-мен марапаттады.
Сондайақ аудандық кітапханалар жұмысының өсіп өркендеуіне зор үлес қосқан ардагерлер:Тарбағатай аудандық кітапханасында 37 жыл жемісті еңбек еткен Даулетшина Сайлагуль Рамазановна мен  Катонқарағай аудандық кітапханасында 40 жылға жуық еңбек еткен Курманова Кульбағила Камалбекқызы Қазақстан Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Кездесу барысында  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы  Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шығарған «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» анықтамалығының тұсаукесері өтті. Анықтамалық «Қазақстандық кітапханалық Одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен дайындалды. Басылымда 1991-2021 жылдар аралығында Қазақстан республикасында кітапхана ісінің қалыптасуы мен дамуы жылдарында елеулі үлес қосқан кәсіби мамандар,басшылар туралы анықтамалық ақпарат берілген.
«Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» анықтамалығына Шығыс Қазақстан облысынан ұсынылған кітапханашылар 
22 10 2 22 10 3 22 10 4  22 10 5 
22 10 6 22 10 88  22 10 9  22 10 7