«Туған жер» бағдарлама аясында Күршім ауданы, Марқакөл ауылдық кітапханасында Қалжыр ауылының орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі, ақын, ана,Оралхан Бөкей атындағы аудандық, облыстық көркемсөз оқу шеберлері сайысының жүлдегері –Ләйлә Кәкенқызы Жұмекеннің «Алтайдың Кісікиігі»атты сөзсүйер қауымға арналған екінші жыр жинағының тұсаукесері болып өтті. Шараның мақсаты: оқырман жүрегіне туған жерге деген сүйіспеншілікті оята отырып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапханаға тарту, туған жеріңнің тарихын , тау-тасын білу, тарихты зерттей келе әсем әуенді, әуезді үнмен қалам ұстаған туған жерден шыққан жерлес ақын- жазушыларды, атақты адамдарды дәріптей отырып, жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейту. Шара №1 Марқакөл орта мектебінің залында өтті.
Шараға Қалжыр орта мектебінің мұғалімдері, оқушылары келіп өз өнерлерін ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы , түрлі композиция ұйымдастыра біліп көрсетті.Аталмыш шараға ауылдық мекеме қызметкерлері, Марқакөл орта мектеп мұғалімдері, оқушылары қатысты.
Сондай-ақ, ақын Ләйлә Кәкенқызының өлеңдерін №1 Марқакөл орта мектеп оқушылары Лұқпанов Аслан.,Қанат Ләззат,Жалғас Бақытбекұлы,Ділназ Дюсупова,Мерей Адалбек,Қайратұлы Жайық,Айдана Байғалиева мәнерлеп аса ыждахаттылықпен оқып,ақын тарапынан жыр оқыған жас оқырмандарға ескерткіш сыйлықтар ұсынылды .Сондай-ақ, кеш қонақтары- Күршім ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Қ.Б.Сариповпа,ауылдық аурухананың дәрігері-А.Қ.Сайкенева,ардагер ұстаз З.Қ.Ермекова,Б.К.Тленбаева, ақын қыздың туыстары,көрші ауыл кітапханашылары өздерінің игі тілектерін білдірді.Ал Марқакөл өнер мектебінің директоры Р.Н.Кемешев пен Марқакөл ауылдық мәдениет үйінің әдіскері А.Жұмажанованың әуелете салған әндері отырған халықтың жүрегін әнмен тербесе,мәдениет үйінің әншісі А.Мұхамеджанов ақын апайына өз жүрегіне шыққан «Марқакөл»әнін орындап берді. Сондай-ақ музыка мектебінің түлегі Ержанқызы Диананың орындауындағы халық күйі «Қарасай» өте сәтті шықты. Шара барысында оқырмандар өз көкейіндегі сұрақтарға ақыннан жауап алып, жыр маржаны төгілді.
Мереке соңында ақын Ләйлә Кәкенқызы , келген жыр сүйер қауымға,осындай шараны ұйымдастырған Марқакөл ауылдық кітапханасы қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Кешті қорытындылаған кітапханашы Г.А.Ақсартова келген қонақтарға шара барысында көмек қолын созған мекеме басшыларына,оқырмандарға рахметін айтып, ақын қызға кітапхана қызметкерлері атынан ескерткіш сыйлық табыстады.