OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: ГлавнаяТарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап елім!

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

vik 30ru
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

terekty 07 12 17- желтоқсан күні Күршім ауданы, Марқакөл ауылдық кітапханасының оқу залында  Тәуелсіздік күніне орай  №1 Марқакөл орта мектебінің 7-сынып окушыларымен «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап елім!» атты мерекелік кеш өтті.
Бұл шараның мақсаты – елімізді өркендету жолында білімді ұрпақ тәрбиелеу және жастарды өз Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға шақыру.
Шараға қатысушы жас оқырмандар Қазақ халқының жері, болашағы, үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат terekty 07 12 2Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанованы еске алып,  өмірбаяндарымен танысты. Шара барысында ҚР-ң Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Сонымен қатар, абономент бөлімінің қызметкері Башабаева С «Мақтанышым-Тәуелсіз Қазақстан»- атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Проекторлық экран арқылы сынып жетекшісі Машаева А.Б. «Желтоқсан желі» атты фото-шежіре слайд, «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты – 1» - атты деректі фильм көрсетті. 
Сондай-ақ «Жасай бер, Қазақстан», «Атамекен» «Көк тудың желбірегені» «Ән сал сарбаз!» «Менің Елбасым!» әндері шырқалып, №1 орта мектептің 7  сынып оқушылары А.Оразақынның «Бас бақыт», Н.Ораздың «Тәуелсіздік таңы атты», Қ.Саринің «Тәуелсіздік» және т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқып беріп, қыздар тобының  орындауында «Шаттық» биін биледі.Кеш барысында оқушылар халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы көрініс көрсетті. 

konvertor