OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: ГлавнаяАқжар ауылында «Коворкинг» орталығы ашылды

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

vik 30ru
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

11 –қазанда Ақжар ауылдық орталық кітапханасында «Коворкинг» орталығы салтанатты түрде ашылды. 

Салтанатты шараға Тарбағатай аудандық «Нұр-Отан» партиясы төрағасының  бірінші орынбасары Мухамадиева Жанна Кәдірқызы, Аудандық маслихаттың депутаты Төлеген Қалимажан, ауыл әкімшілігінен Баян Сауытжанова, Жазира Көкенова,  «Тарбағатай арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ директоры Ожайтов Айдын, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серік Бектаев, мектеп директорлары, оқу- тәрбие ісінің меңгерушілері, балабақша меңгерушілері Құсайнова Алмагүл, Тоқтаубаева Тоқтаугүл және мектеп оқушылары қатысты.  Қонақтар мен оқушылар  кітапханадағы мұндай ауқымды шараның бастамасына  өз ізгі-тілектері мен ұсыныстарын білдіріп, қызметкерлерге шығармашылық табыс  тіледі. «Тарбағатай арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ директоры Ожайтов Айдын Абилович игі шараға ризалығын білдіріп, өз атынан «Коворкинг» орталығына ноутбук сыйға тартты.Аталмыш коворкинг орталығында кітапхана оқырмандары тек қана кітап оқумен ғана емес, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен айналысып,  әр түрлі форматтағы  іс- шараларды өткізуге, кеңес алуға, идеялар талқылауға болады.

akzhar 11 10 18 1 akzhar 11 10 18 1 1 akzhar 11 10 18 1 2 akzhar 11 10 18 1 3

konvertor