OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: Главная«Киелі өлең иесі...»

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

vik 30ru
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

Katon 15 05 115 мамырда Катонқарағай  мәдениет  үйінде  «Рухани  жаңғыру, туған  жерге тағзым»  бағдарламасы  аясында  ауылдық  кітапхана,  С.Ластаев орта  мектебінің  кітапханашылары, ауылдық  мәдениет  үйінің  қызметкерлерінің  мұрындық  болуымен жерлес  жазушы, журналистер  және жазушылар одағының  мүшесі, публицист, ақын  Ж.Қызырдың   70 жылдық мерейтойына  орай  «Киелі  өлең  иесі...»  атты  әдеби – сазды  кеш  ұйымдастырылды. Кешке ұстаздар, оқушылар, ауыл тұрғандары,  ағамыздың жора – жолдастары  барлық  жыр  сүйер  қауым  шақырылды. 
Бұл  күні  ақынның шығармашылығына  қызығушылық  танытқан  көрермен  қарасы  көп болды.Шақырылған  қонақтар  арасынынан  округ  әкіміKaton 15 05 2  Макишев Б, С.Ластаев  атындығы  мектеп  директоры Тулегенова Г, зейнеткер-ұстаз  Сахариева  Н.М ақынға  арналған  Katon 15 05 3өздерінің  жүрек  жарды  тілектерін  жеткізді.  Келесі  кезекте С.Ластаев мектебінің  оқушылары Ринатқызы Ж, Әлімханова С ., Уалханова  М. және  тағы  басқалар  ақынның  әр  түрлі  тақырыпта, әр  жылдары  жазылған өлеңдерін  жатқа  оқыды.  Ақынның   бірнеше  өлеңдеріне  әндер  жазылған  болатын, осы әндерін   Мұқашев С,  «Қазыналы  Катонқарағай»  ансамбілі  нақшына  келтіре  орындады. Республикалық  Мұқағали  оқуларының  бас  жүлдегері  Рақышев Рүстем өзінің  сиясы  кеппеген «Қарт  Алтайдың қасқалдағы»  атты өлеңін мерейтой иесіне арнады.  Интернет желісі арқылы бейнебайланыстан әріптестері Қ. Назырбаев, Ә.Қаңтарбаев, Р.Балтабаева  ақын  ағамыздың  шығармашылығы  жайында  өз ойларымен  бөлісті. Әдеби кеш аясында «Ауылдан ескен бір  самал»  атты   кітап көрмесі,     «Кіндігі елге, табаны  жерге байланған» атты слайд презентация   көрермен  назарына  ұсынылды.Өткізілген мәдени шара жас  ұрпақ үшін  берері мол, мағыналы    болды.
 

konvertor