OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: ГлавнаяКітапханашылардың кәсіби кездесуі

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

vik 30ru
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

kokpekty 03 10 19 5Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы аясындағы Шығыс Қазақстан облысы А.С.Пушкин атындағы кітапхана мамандарының семинар-тренингі қыркүйектің 26-27-і күні Тарбағатай, Зайсан аудандық кітапханаларында, қазан айының 3-4 күндері Көкпекті,Күршім аудандарында жалғасын тапты.
kurchum 04 10 19 1Семинарды жүргізген облыстық кітапхананың әдістемелік орталығының жетекшісі Мязова Раушан Слямбекқызы Президенттің бұл жолдауы халықтың және елдіңkokpekty 03 10 19 6 ең маңызды, өзекті және өткір проблемаларына жауап беріп, ерекше маңызға ие болғандығын атап өтті. Жолдауда аталып өткен 2020 жылғы маңызды мерейтойлар мен оқиғалар деген бөлімге тоқталып,атап айтқанда Әл-Фарабидің 1 150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын кітапханада өткізуде қандай жұмыс түрлерін қолдануға болатыны жөнінде кеңестер берді.Өткізілетін іс-шаралардың идеологиялық негіздемесін жасау және сапалы өткізу мақсатында қатысушылармен топтық жұмыс жүргізілді. Топтық жұмыс нәтижесінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту іс-шараларының түрлі формалары: Абай шығармаларына арналған буктрейлер, квест, әлеуметтік желілердегі онлайн оқулар, «Ақылды аялдама» эстафетасы т.б. көптеген жаңаша түрлерін өткізуді талқылады.
Облысымыздағы кітапханалардың жұмысының басым бағыты-өлкетануға байланысты жұмыстар.Қатысушылармен өлкетанушы-библиограф Кемешева Меруерт Ниғметолдақызы кітапхана сайтындағы өлкетану ресурстарыменБіздің Абай-Наш Абай электронды кітапханасымен интерактивті жұмыс жүргізді.
kniga MalgazhdarovaКөкпекті аудандық кітапханасында өткен семинарға, ауыл тұрғыны, өлкетанушы, тарихшы Малгаждаров Қайрат мырза қатысып, өлкеге байланысты көптегенkokpekty 03 10 19 1 қызықты деректермен бөлісіп, семинарға қатысушыларды Көкпекті ауылынан 4 шақырым жерде орналасқан кезеңнің жартастарында қашалып салынған таңбалы тастары бар Қаракезең асуы, аспан астындағы мұражайға апарып қызықты деректерді баяндап, таныстырды, сонымен қатар Көкпекті ауданында орналасқан киелі жерлер туралы ақпараттармен бөлісіп, әр ауылдан келген кітапхнашыларға өзінің «Көкпекті ауданының киелі жерлері» атты кітабын  табыс етті. Біздің кітапхана қорына да осы бір тамаша туындыны сыйға тартты.
Қазір заманның ағымына қарай, кітапханашы жан-жақты болуы керек. Семинар-тренингтің екінші бөлігінде әріптестерімізге кітапханаларда QR-кодтарды пайдалану арқылы оқырмандарға қосымша ақпараттарды ұсынудың тиімді тәсілдері көрсетілді. Қатысушылар өздерінің мобильді телефондарына QR кодтарды санерлейтін және оқитын арнаулы программаларды орнатып, оны қалай қолдана білу керек екенін үйренді.
Практикалық жұмыстарда қатысушылар QR кодтарды жасауға арналған сайттан  өздерінің кітап көрмесіне қойылатын электронды кітаптардың qr-кодтарын құрастырды.Семинарға қатысқан кітапхана мамандары жаңа және тез өзгеруші ұтқыр технологиялармен бірлесе қадам басып, оқырмандарға сапалы ақпараттар ұсыну үшін кездесудегі алған ақпараттарды өз жұмыстарында барлық тиімді тәсілдерін қоланатындықтарын айтты. Кәсіби кездесулер облысымыздың басқа да  аудандарында жалғасады.
 
kaisarova 2Күршім аудандық кітапханасында кәсіби кездесу аясында Қайнарлы ауылдық кітапханасының қызметкері,кітапханашы Қайсарова Қарлығаш Закудашқызыkaisarova 1
кітапхана саласындағы мінсіз еңбегі, қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Кітапханада 36 жылға жуық қызмет атқарған маман оқырмандарының ақпараттық сұраныстарын қанағаттандырып, заман талабына сай қызмет көрсетеді. Әріптесімізді өзі қызмет атқаратын Күршім аудандық кітапхана ұжымы мен Шығыс Қазақстан облысы, А.С.Пушкин атындағы кітапхана мамандары құттықтап, алдағы атқарар істерінде үлкен жетістіктерге жетуіне тілектестігін білдірді. 

konvertor