OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: ГлавнаяКітапханадағы инновациялар: әдістері, көздері, нәтижелер

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

vik 30ru
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

Наурыз айында біздің кітапхананың бастамасымен «Кітапханалардағы инновациялар: әдістер, көздер, нәтижелер» атты онлайн республикалық дөңгелек үстел отырысы өтті.Ата-баба дәстүрімен еліміздің әр өңіріндегі кітапханаларды шуақты көктем мезгілінің сәтті басталуымен құттықтап, ағымдағы жылға арналған жоспарлармен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Қатысушы-спикерлер – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы» РММ, Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ, «Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана» КММ, ШҚО Мәдениет басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ.
Спикерлер келесі өзекті тақырыптарды қозғады:
«Оқитын мектеп – оқитын ұлт» Сайдембаева Алия Шуратовна, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы» РММ директоры;
«Библиотечные программы для особых пользователей» Видершпан Алла Леонидовна, Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, инновациялық-әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Қостанай қаласы;
«Нейронные сети и медиаграмотность в реалиях библиотеки: что мы имеем»
Шағиева Бибігүл Жамбылқызы, «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық» жобасының үйлестірушісі, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы.
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Есенова Жадыра Рүстембекқызы жұмыс тәжірибесімен және ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Исмайылова М.Д., балалар оқуы бойынша сарапшы, кітапханамыздың еріктісі балалар мен жастар ортасындағы жаңа идеялар мен жұмыс түрлері туралы айтып берді.
Сондай-ақ Пушкин кітапханасының мамандары дөңгелек үстелге қатысушыларды кітапханашылардың үздіксіз білім алуын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, Шығыс Қазақстан облысының 2023 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесімен таныстырды.

Шараның ZOOM платформасындағы жазбасын төмендегі сілтеме арқылы тамашалай аласыздар:https://www.youtube.com/watch?v=nu04rCASj1w

«Инновации в библиотеках: методы, источники, результаты»: круглый стол

В марте по инициативе нашей библиотеки состоялся онлайн республиканский Круглый стол «Инновации в библиотеках: методы, источники, результаты». Поздравить друг друга с благополучным наступлением весны в духе традиций и обычаев наших предков, обсудить планы на текущий год, поделиться опытом своей работы встретились Республиканская научно-педагогическая библиотека Министерства просвещения Республики Казахстан, Областная библиотека для детей и юношества имени И. Алтынсарина, г. Костанай, Центральная библиотека имени Cакена Сейфуллина области Жетісу и др.
Спикеры выступили со следующими актуальными темами:
- «Читающая школа - читающая нация», Сайдембаева Алия Шуратовна, директор ГУ «Республиканская научно-педагогическая библиотека Министерства просвещения Республики Казахстан»;
«Библиотечная среда – дружественная: Опыт работы с особым читателем», Видершпан Алла Леонидовна, заведующая отделом инновационно- методической работы КГУ «Областная библиотека для детей и юношества имени И. Алтынсарина», г. Костанай;
- «Нейронные сети и медиаграмотность в реалиях библиотеки: что мы имеем», Шагиева Бибигуль Жамбыловна, координатор проекта «Медиаграмотность для библиотекарей», КГУ «Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина».
Опытом работы и планами на текущи год поделилась Есимова Жадыра Рустембековна, заведующая информационно-библиографическим отделом Центральной библиотеки имени Cакена Сейфуллина области Жетісу.
Исмайылова М.Д., эксперт по детскому чтению, волонтер нашей библиотеки рассказала о новых идеях и формах работы в детской и молодежной среде. Специалисты Пушкинки также поделились методами организации непрерывного образования библиотекарей, познакомили участников Круглого стола с Календарем знаменательных и памятных дат ВКО.

Запись трансляции мероприятия на платформе ZOOM можно посмотреть здесь:https://www.youtube.com/watch?v=nu04rCASj1w

           

konvertor