21 желтоқсанында Ұлан аудандық орталық кітапхана аудан әкім аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімімен бірлесіп «Электрондық қызмет» жәрменкесін өткізді.
7- желтоқсан күні Күршім ауданы, Марқакөл ауылдық кітапханасының оқу залында Тәуелсіздік күніне орай №1 Марқакөл орта мектебінің 7-сынып окушыларымен «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап елім!» атты мерекелік кеш өтті.
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Ұлан ауданының кітапханаларында Рухани жаңғыру бағдарламасының «Туған жер -туған ел» бағыты аясында 2017 жылдың 29 - 30 қарашасында «Елбасы өмірбаяны ел тарихында» атты іс-шаралар топтамасы өтті.
15 қараша күні Тарбағатай аудандық кітапханасында «Ақпараттық керуен» шеңберінде аудандық орталық кітапхана жанынан құрылған ағылшын тілі орталығына жіберген жылжымалы кітап көрмесі бойынша «Сиқырлы ағылшын тілі» атты библиографиялық шолу жасалынды. №2 Ақсуат орта мектебінің оқушылары мен ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Оқырмандар назарына «Headway», «Оpen doors», «Young Learners», «Вrilliant-Pupil,s Book», «Еnglish file» т.б кітаптары ұсынылды. Оқырмандар кітап көрмесіндегі кітаптарға қызығушылық танытып оқуға жаздырып алды.
Аягөз аудандық орталық кітапханасында қазан айынан бастап «Ақпараттық керуен» жобасы аясында «Шет тілдері: Жаңа әлемді таны» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Осы жылжымалы көрмені кітапханашы К.Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепке апарып оқушыларды кітаптармен таныстырып қайтты. «Ағылшын тілін үйренейік» атты көрмеге қойылған кітаптармен мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Сабырбекова Риза Базарқызы, Қамытбаева Шолпан Қабиқызы, Айтмұқанова Бақыт Оразханқызы әр кітапты қызықтыра таныстырып, кітаптардың әрқайсысына тоқталып, түсіндірді. Мұғалімдер оқушыларды үш топқа бөліп, топпен жұмыс жасады. Көрмені мектептің 5-6 сыныптың оқушылары тамашалады.Көрме қараша айының соңына дейін оқырмандарға қызмет етеді.